Өзбекстанның бірнеше өңіріне қалың қар жауды

22 мамыр 2022, 15:36

Өзбекстанның Заамин, Китаб, Дехканабад аудандары қардың астында қалды.
 
 Аталған үш ауданда қар кешелі бері жауып тұр. Көктем аяқталар тұста табиғат құбылысындағы түсініксіз жайды тұрғындар әлеуметтік желіге жариялады.

Алайда синоптиктердің болжамынша қар жауған Жизақ пен Қашқардария облыстарында алдағы күндерде +18 градус жылынады.

BAQ.KZ.