Шартарап

Өзен ортасынан жаңа туған нәресте салынған қорап табылды

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Гхазипур қаласында қайықшы Ганг өзенінен жаңа туған қыз салынған ағаш қорап тауып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасап хабарлайды.

 

14 маусымда қайықшы Гуллу Чаундхари баланың жылағанын естігеннен кейін өзен бойымен жүзіп бара жатқан қорапқа назар аударды. Оның ішінен шамамен бір айлық сәбиді тапқан. Бала қызыл шарфқа оралған.

 

Баланы ауруханаға жеткізді, оны дәрігерлер тексерді. Қыздың дені сау екені белгілі болды. Ауруханадан шыққаннан кейін бала балалар үйіне жіберіледі.

 

Тергеушілер мүмкін себептерді айтқан жоқ, бірақ Үндістан қыз сәбилерді өлтіру саны бойынша әлемде көш бастап келеді. Үнділіктер үшін қыздар қаржылық ауыртпалық болып саналады.

 

Полиция бала салынған қорапшада қыздың туған күні көрсетілген жұлдыз жорамалы бар карта жатқанын мәлім етті. Балаға өзеннің құрметіне Ганга деген есім берілді. Жергілікті билік бала күтімі шығындарын төлейтіндерін айтты.

 

Баланы құтқарғаны үшін Чаундхариге үй және басқа да мемлекеттік сыйақылар беріледі. Ер адам баланы құтқаруға асыққан жалғыз өзі екенін айтты, ал жағалауда болғандардың көпшілігі қыздың айқайын естіген.

 

 

 




Көрілген: 1019    Пікірлер: 0

жұма, 18.06.2021, 22:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31