Шартарап

Өзге діндегілермен неке қию шектеледі – ресейлік мүфтият

  • Өзге діндегілермен неке қию шектеледі – ресейлік мүфтият

    Өзге діндегілермен неке қию шектеледі – ресейлік мүфтият

Ресей аумағында конфессияаралық неке қиюға болмайды. Жергілікті мүфтидің шешімімен ерекше жағдайда ғана рұқсат беріледі, деді басқарма

Мұсылман ерлер және христиан әйелдер немесе яһуди діні сеніміндегілермен неке қиюға тек жергілікті мүфтидің шешімімен ғана рұқсат беріледі. Шарт - әйел Құран Кәрімді ұстануға дайын болуы керек, деп хабарлады РИА Новости  Ресей мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасап. 

Ресей мұсылмандары діни басқармасының ақсақалдар кеңесі Ресей аумағында конфессияаралық неке қиюға болмайтыны туралы қаулы шығарған. Жергілікті мүфтидің шешімімен ерекше жағдайда ғана рұқсат беріледі.

Олардың айтуынша, конфессияаралық некелердің денінде "баланы ислам дінінде тәрбиелеуде" қиындық туындайды. Өйткені бала тәрбиесінде анасының рөлі ерекше.

"Аралас некенің тағы бір салдары - мұсылман ерлер өзге діндегі әйелдерге үйленгендіктен, мұсылман әйелдер өзіне жар табуда қиналады. Осылайша мұсылман емес ерлерге шығуға мәжбүр болады", - делінген хабарламада.
Жар таңдауда, ең алдымен, оның діни көзқарасына назар аударуға кеңес беріліп отыр.

Сондай-ақ, мұсылман әйелдерге өзін мұсылман қауымдастығына жақын емес екенін білдіретін ер адамға тұрмысқа шығуға шектеу қойылып отыр. Өйткені мұндай неке салдарынан әйелге өзінің діни ұстанымынан алшақтауына тура келеді.

sputnik.kz




Көрілген: 853    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.11.2020, 10:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31