Шартарап

Пәк ғұмыр кешкен әулие Мариямның құлпытасы табылды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Израилдің оңтүстігінен археологтар біздің дәуіріміздің V немесе VI ғасырларына тиесілі өзгеше құлпытасты тапты. Бұл жайында islam.kz порталы орыс тілінде хабар тарататын popmech.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Құлпытасқа қашалған грекше жазудың мәтіні: «Пәк ғұмыр кешкен әулие Мария».

 

Кейде тұтас аймақтың тарихын түгендеу үшін археологтарға титтей бір жәдігердің өзі жетіп жатыр. Яғни, табылған жәдігерге қарап, тұтас аймақтың сол кездегі мәдениеті мен адамдардың өмір сүру салтынан хабардар бола алады.

 

Бұл құлпытас кездейсоқ табылды. Оны Ницан ұлттық саябағын ретке келтіру жұмыстарына қатысқан жұмысшылардың бірі тауып алды. Ол құлпытасты таспаға тартып алып, өзінде сақтайды, содан соң билік өкілдеріне хабарласып, артефактіні табыс етеді.

 

Аталмыш құлпытасты зерттеген археологтар оның баға жетпес жәдігер екеніне көз жеткізген.

 

Ғалымдардың сөзіне қарағанда, Мәрим дүниеден озғанда бұл өңір христиандар қарасы көп аймаққа айналған.

 

Мәриямның текті әйел екенін басына орнатылған құлпытас әйгілейді.

 

Ежелгі заман басқармасының өкілі Талы Еріксын-Жинидің айтуынша, біздің дәуіріміздің V және VI ғасырларында Ницан маңайындағы елді-мекендердің орталығы болған. Ницан саябағындағы қала біздің дәуірімізге дейінгі 1-ші ғасырда сауда жолындағы бекет ретінде іргетасы қаланған. V және VI ғасырларда аталмыш бекетте шіркеулер, әскери бекіністер, монастыр, т.б. бой көтерген.

 

Ғалымдардың топшылауынша, VI ғасырдың соңында оба індеті мен жанартау қысы (атмосферадағы жанартау ыс-күйесінен климаттың өзгеруі) бұл жерден тұрғындардың ауа көшуіне ықпал еткен.

 

 




Көрілген: 509    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 10:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31