Пәкістанда содырлар уақытша ұстау орталығында бүлік шығарып, Ауғанстанға қауіпсіз жетуді қамтамасыз етуді талап етті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі. Бұл туралы Inbusiness.kz тілшісі АА сайтына сілтеме жасап жазды.
Жергілікті БАҚ хабарлағандай, бұл оқиға Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында болған. Кем дегенде екі полиция қызметкері жараланды.
Билік қауіпсіздік күштерін босату операциясын жүргізуде, ал содырлар Ауғанстан аумағына қауіпсіз өтуді қамтамасыз етуді талап етеді.
Бүлік шығарғандар саны 14-15 адамға жетеді, ал кепілге қауіпсіздік күштерінің 6-7 өкілі алынған.