Шартарап

Пандемия ЕАЭО-ның дамуына кедергі келтіруі мүмкін – саясаттанушы

  • Пандемия ЕАЭО-ның дамуына кедергі келтіруі мүмкін – саясаттанушы

    Пандемия ЕАЭО-ның дамуына кедергі келтіруі мүмкін – саясаттанушы

Қазақстандық саясаттанушы Эдуард Полетаев ЕАЭО ауқымды жұмыс атқарғанын айтты. Алайда пандемия кезінде Қазақстандағы дәрі-дәрмек тапшылығын шешуге ұйым қандай үлес қосты деген сауал туындауы мүмкін екенін айтты

Қазақстанда коронавирус кезінде дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі туындады. Әзірге бұл мәселе екіжақты келісім аясында шешіліп жатыр. Сондықтан "Мир Евразии" қоғамдық үйінің президенті Эдуард Полетаев одаққа мүше елдердегі бұл проблеманы шешу үшін ЕАЭО не істеді деген сауал туындайтынын айтты.

"Қазақстан және карантиндік шараларды жеңілдеткен соң Қырғызстан да дәрігерлер мен дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесіне тап болды. Сондықтан бұл жағдайда ЕАЭО не істеді деген сауал туындайтыны анық", - деді Полетаев сәрсенбі күні өткен Мәскеу – Минск – Бішкек – Ереван – Нұр-Сұлтан бейнебайланысында.
Ол Еуразиялық экономикалық одақ аясында дәрі-дәрмектің бірыңғай нарығы қалыптасқанын еске салды.

"Бұл нарық дәрілерді бірыңғай ереже бойынша тіркеу үшін құрылғаны түсінікті. ЕАЭО-ның дәрі тапшылығы мәселесін бірден шешетін құралдары жоқ. Әзірге бұл мәселе екіжақты және шекаралық әріптестік аясында шешіліп жатыр", - деді саясаттанушы.

Оның айтуынша, алдағы уақытта ЕАЭО аясында бірыңғай нарық қалыптастыру мәселесіне қалай шешілетіні белгісіз.

 

sputniknews.kz

 




Көрілген: 482    Пікірлер: 0

жұма, 10.07.2020, 08:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31