Парижде 10-15 млн евроның әшекей бұйымдары ұрланды

02 тамыз 2023, 08:55

Париждің 2-ші округінде сейсенбі күні күндіз алдын ала есеп бойынша 10-15 млн евроның әшекейлік бұйымдары ұрланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Франция бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Rue de la Paix №7-ші үй мекенжайы бойынша орналасқан Piaget дүкеніне шабуыл жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 12-нің кезінде жасалған.

 

Екі ер адам мен әйел дүкенге тапаншамен басып кіріп, ашық тұрған, бірнеше витринадан әшекей бұйымдарын алып кеткен.

 

Франция прокуратурасы шығынның алдын ала мөлшері 10-15 млн еуро болатынын растады. Полиция ұылмыскерлерді іздестіріп жатыр.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz