Парламент отырысында депутаттар жаппай төбелес шығарды (видео)

17 қараша 2018, 10:56

Шри-Ланкадағы парламент отырысында депутаттар жаппай төбелес шығарған. Ал оларды тыныштандыру үшін үстерінен су құйған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ресми жиындағы төбелес 20 минутқа созылған.

The Independent басылымының мәліметінше, жанжал премьер-министр Махинда Раджапакса парламент депутаттарының бірін қызметін асыра пайдаланды деп айыптап, жалпы халықтық сайлау өткізу туралы ұсыныс айтқаннан кейін басталған.

Қырық пышақ болған депутаттар төбелесінен кейін бірнеше қызметкер жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Ал спикер жиналыстан шығып, парламент жұмысы тоқтатылған.