Паша Ли атыс кезінде көз жұмды

08 наурыз 2022, 18:33

Украиналық белгілі актер, музыкант Паша Ли Киев маңындағы атыс кезінде көз жұмды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Liga.net ақпарат таратты.

 

Ол 6 наурыз күні Ресей әскеріне қарсы атыс кезінде мерт болған.

 

Осылайша Украина халқы 33 жастағы талантты ұлынан айырылды.

 

Паша Ли өмірінің соңғы күндерінде Украина қарулы күштерінің қатарынан табылып, елін қорғады.

 

Актер ретінде ол «Тени незабытых предков», «Провинция», «Штольня» секілді өзге де киноларға түскен еді.