Шартарап

Пәтерден тікелей эфирге шыққан журналист әйеліне ұсталып қалды (видео)

  • https://twitter.com/

    https://twitter.com/

Үйінде отырып, тікелей эфирге шыққан испандық журналист Альфонсо Мерлостың жеке өмірін бір күнде бүкіл ел жан-жақты талқылады. Оған тікелей эфир кезінде журналисттің арғы жағынан көрініп қалған тыр жалаңаш бойжеткен себеп болған. Онлайн транслацияға комментарий қалдырушылар ол бикештің журналисттің әйелі емес екенін жазған, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

 

Осылай басталған жазба журналисттің жеке өмірінің бүге-шегесіне дейін талқылауға ұласқан. Осылайша бұл видеохабар Испанияда бір мезетте танымал болып, өте көп қаралған. Жазбадағы әңгімеден белгілі болғандай, қазіргі уақытта Мерлос пен оның әйелі Марта бөлек тұрады екен, ал эфир барысында жылт еткен жалаңаш бойжеткен - Алексия Ривас Мерлостың әріптесі - Марка спорт басылымының бұрынғы қызметкері, қазір тележүргізуші болып жұмыс істейді.

 

Видео астындағы жазбада біреулер Мерлос-Марта-Алексия үштаған махаббатын сөз қылса, ал тағы бірі карантин кезінде уақытын босқа өткізіп жатпаған журналист жігітке дән риза.

 

Бәрінен бұрын тікелей эфир кезіндегі Мерлоспен сұқбаттасушының реакциясы елді қыран топан күлкіге қарық қылған. Оны енді тек көру керек.

 

ВИДЕО:  twitter.com/kr3at0r/status/1253644846751002624




Көрілген: 990    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.04.2020, 12:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30