Шартарап

Пайдаланылған мүшеқаптарды қолданушыларға сатып келген алаяқтар ұсталды (фото)

  • https://www.dailymail.co.uk/

    https://www.dailymail.co.uk/

Вьетнам полициясы Бинь Дуонг провинциясындағы қоймадан пайдаланылған 324000 мүшеқапты тәркіге алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. 

Белгілі болғандай, бұл мүшеқаптарды пайдаланылып қойғанына қарамастан, алаяқтар қайта сатып келген деп жазады dailymail.co.uk басылымы. Мүшеқаптардың барлығы жуылып, кептіріліп, ағаш дилдоға оралып, қайта сатуға жіберіліп отырған. 

Пайдаланылған мүшеқаптар қоймасы Вьетнамның оңтүстігіндегі Бинь Дуонг провинциясында орналасқан. Тәркіленген мүшеқаптардың салмағы 360 келіні құраған. Аталмыш қоймадан қанша мың мүшеқап сатылымға шығып қойғаны белгісіз, бірақ олардың саны бірталай болатыны сөзсіз. 

Бұл жайта қоғам арасында резонанс тудырды. Резеңке бұйымдарды жуып, қайта сату жұмысына бір топ адам жалданған. Қойма иесі деп танылған 33 жастағы Фам Тхи Тхань Нгок қамауға алынды. Ол мүшеқаптарды айына бір рет белгісіз адамнан алатындығын мәлімдеді. Оның міндеті қолданылған өнімді қайта сату мақсатында қайта өңдеу процесін құру болған және ол бұл тапсырманы ойдағыдай жүзеге асырып келіпті. Оның қоймасынан мүшеқаптар жақын маңдағы қонақ үйлерге, дүкендерге және дүңгіршектерге жеткізіліп отырылған. 

Мүшеқаптар дереу тәркіленді және олар қауіпті медициналық қалдықтар болып саналатындықтан, бірден жойылды. 




Көрілген: 497    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.09.2020, 14:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31