Педофилдің ұлы 10 жастағы нағашы қарындасын зорлап, жауыздықпен өлтірген

03 мамыр 2022, 14:54

АҚШ-тың Висконсин штатында 14 жастағы жасөспірім өзінің 10 жасар нағашы қарындасын зорлап, жауыздықпен өлтіріп, денесін орманға жасырған. Күдікті бұған дейін педофилия үшін айыпталып, түрмеге қамалған ер азаматтың ұлы болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

 14 жастағы күдікті мен оның құрбаны

Полицейлер 14 жастағы Карсон Петерс-Бергерді 10 жастағы Лили Питерсдің өліміне негізгі күдікті деп тапқан. Қыз баланың денесі жаяу жүргіншілерінің жолына жақын орманнан табылған. Төртінші сынып оқушысы әкесінің қарындасының үйіне қонаққа барған. Алайда сол күйі үйіне оралмапты. 

Тергеушілер жасөспірім о баста қызды зорлап, артынша өлтіруді жоспарлағанын мәлімдеді. Күдікті нағашы қарындасы үйден шыққан соң артынан аңдып, жерге ұрып құлатқан көрінеді. Содан кейін буындырып өлтіріп, артынша зорлық әрекеттерін жасаған. 

Қазір Карсон Петерс-Бергердің үстінен үш қылмыстық бап бойынша іс қозғалған. Егер оның кінәсі дәлелденсе, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Адам Бергер ұлымен бірге

Жасөспірімінің әкесі Адам Бергер де кезінде педофилияға қатысы болғаны үшін айыпталып, түрмеге отырып шыққан көрінеді. Бұған қоса ол кәмелет жасына толмаған қыздардың жалаңаш суреттері мен есірткі сақтағаны үшін айыпты болған. 

Ер азамат түрмеден шыққан соң баласымен байланыс орнатпақ болған, алайда оның бұрынғы әйелі бұған жол бермепті. Дегенмен Адам Бергер түрмеде болғанда ұлымен хат алмасып тұрғанын, тіпті оған арнап өзі қолмен тоқыған көрпе сыйлағанын айтады. 

10 жасар қызды өлтірген жеткіншектің анасы да бұрын есірткіге байланысты сотты болған екен.