Шартарап

Пекин коронавирусы Уханьдағы вирусқа қарағанда жылдам тарайды – ғалым

  • https://www.vesti.ru/

    https://www.vesti.ru/

Бұл туралы Ухань университетінің вирусологы Ян Чжаньцю хабарлады, деп жазады Global Times газеті.

 

Пекиндегі көтерме сауда нарығының қызметкерлерінен табылған коронавирус Уханьдағы базарда анықталған вирусқа қарағанда жылдам жұқпалы. Бұл туралы Ухань университетінің вирусологы Ян Чжаньцю хабарлады, деп жазады Global Times газеті.

 

Ғалым атап өткендей, соңғы төрт күн ішінде Пекинде 79 адам вирус жұқтырған, бұл вирустың төтенше жұқпалы екендігін көрсетеді.

 

Чжаньцю сондай-ақ, Қытай астанасында тіркелген коронавирус Еуропадағы вирусқа ұқсас және ол Қытайға Еуропа елдердің бірінен келуі мүмкін екенін атап өтті.

 

Вирустың түрлі генотиптері вакцинаны тиімділігі төмен, тіпті тиімсіз ете алады. Яғни, вакцина Қытайдағы, Еуропадағы вирустарға қарсы тиімді болуы керек, ал, бұл - вакцинаны әзірлеу кезінде қосымша қиындықтар туғызады деген сөз, - деді ол.

 

Еске сала кетейік, өткен аптада Пекиндегі Синьфади ірі көтерме сауда нарығында коронавирустың өршуі анықталған болатын. Вирус жұқтырғандардың көпшілігі сауда орындарының қызметкерлері, сондай-ақ олармен тығыз байланыста болған адамдар.

 

Осыған байланысты Пекиннің жекелеген аудандарында бақылау шаралары күшейтілді. Қазіргі уақытта коронавирусқа 200 мыңға жуық тест жүргізілді.

 

Айта кетейік, бұған дейін елдің Баодин қаласына әскери жағдай енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.

 

BAQ.KZ




Көрілген: 370    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.06.2020, 10:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31