Перьм университетіндегі атыс кезінде дәріс өтуін тоқтатпаған профессорды сабақ беруден шеттетті

02 қазан 2021, 17:10

Пермь мемлекеттік университетінің профессоры Олег Сыромятников университетте атыс басталған сәтте дәріс өтуін тоқтатпаған топқа сабақ беруден шеттетілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 59.RU сайтына сілтеме жасап.

"Дожд" арнасының мәліметінше, университет студенттері атыс кезінде профессор Олег Сыромятников орыс әдебиетінің тарихы бойынша дәрісті тоқтатпағанын айтқан. Төнген қауіпке қарамастан оқытушы сабағын жалғастыра берген. Сабақты тек студенттерді эвакуациялауға келген ОМОН қызметкерлері ғана үзген.

Кейінірек Сыромятников аудиторияның есігін "қару өтпестей етіп" бекітіп қойғанын түсіндірді. Ол сондай-ақ оның әрекеті дүрбелеңнің алдын алуға көмектескенін айтқан.