Перзентханадан ұрланған бала 16 жылдан кейін отбасына қайта оралды

21 ақпан 2022, 12:31

Мексиканың Гвадалахара қаласында өзін медбикемін деп таныстырған әйел перзентханадан сәбиді ұрлап кетіп, ата-анасына қайтармаған. 17 жылға жуық уақыттан кейін ғана полиция жасөспірімді тауып, ата-анасына табыстаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап.

2005 жылдың желтоқсанында Розалия Лопес Сальвадор есімді ұл баланы дүниеге әкелген. Ол кезде жасы 22-де болған екен. Босанған соң біраз уақыт ауруханада болған әйелге күйеуі Ясир Масиас келіп тұрған. 

Перзентханаға келген соң баламен оңаша қалған Масиасқа медбике келіп, сәбиді тамақтандыруға алып кетуі керек екенін айтқан. Розалия бұл кезде тынығып жатқан. Ерлі-зайыптылардың сөздерінше, осы кезде олар ұлдарын соңғы рет көрген. 

Ұрланған нәрестені ұзақ уақыттан соң 16 жастағы Сальвадор бейнеленген фотороботтың көмегімен тапқан. Полицейлер мамандар жасаған фотороботтағы балаға ұқсас жасөспірімді байқап, одан ДНҚ сараптамасын алған. 

Нәтижесінде отбасы баласымен қайта қауышқан. Алайда қылмыс әлі толық ашылған жоқ. Бала ұрлау бойынша ешкім күдікке ілінбеген және тұтқындалмаған.