Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Пхеньян ұшырған дрон бүгін Сеулді әбігерге салды

26 желтоқсан 2022, 17:36

Ұшқышсыз аппарат Оңтүстік Кореяның әуе кеңістігінде пайда болған соң, ел-жұрттың зәресі кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Елдегі екі – Инчхон және Кимфо әуежайларының жұмысы уақытша тоқтатылды. Алайда, дронның ешқандай қарусыз екені анықталды.

 

Таңғы уақытта екі ел шекарасын кесіп өтіп, Оңтүстік Кореяның әуесіне көтерілген дронды ұстау үшін Сеул әуе күштерін іске қосты.

 

Бұл операция барысында КА-1 шабуылдаушы ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан екі ұшқыш жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

 

Бұл үшін жауапкершілікті Сеул Пхеньянға жүктеді.

 

Ал дронның не мақсатта жөнелтілгені белгісіз қалып отыр.