Шартарап

Піл браконьерді достарының көзінше өлтіріп тастаған

  • Піл браконьерді достарының көзінше өлтіріп тастаған

    Піл браконьерді достарының көзінше өлтіріп тастаған



Крюгер ұлттық паркінде піл браконьерді таптап өлтірген деп хабарлайды Stan.kz


Піл браконьерді достарының көзінше өлтіріп тастаған


Браконьерлер тобы қорық аумағына заңсыз кірген. Аң атуға шыққан олардың ішіндегі біреуі агрессивті пілдің шабуылына тап болған. Піл достарының көз алдында ер адамды таптап өлтірген. Оқиға куәгерлері дереу саябақтан шығып, қаза тапқан адамның отбасымен байланысқан.


3 сәуір күні қорықтың қараушылары мен достары мәйітті іздеуге шыққан. Сүйектері келесі күні Крокодил көпіріне (Crocodile bridge) жақын жерден табылған.


"Оқиға орнында тек адам бас сүйегі мен шалбары табылды. Жобалауымызша,  ер адамның мәйтіне аш арыстандар үйірі шабуыл жасаған", — деді рейндже Дон Инглиш (Don English).


Жергілікті полицияның мәліметінше, заңсыз аң аулауға шыққаны үшін үш браконьер қамауға алынды. Іс бойынша бірінші тыңдау 5 сәуір күні өтті. Оларға қорықтың аумағына заңсыз кіріп, атыс қаруы мен оқ-дәрілер лицензиясының жоқтығына қарамастан, заңсыз аң аулауға байланысты айып тағылды. Қайта тыңдау 12 сәуірге тағайындалды.




 




Көрілген: 1106    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.04.2019, 19:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31