Иранның Захедан қаласында белгісіз қарулы топ полиция бекетін шабуылдап, 19 адам қаза тапты. Тағы 32 сарбаз жараланған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қарулы адамдар тәртіп сақшыларының базасына мешітке бара жатқан азаматтардың арасына тығылып барып, лап қойған.
Оқиғаның Ирандағы толқулармен байланысы бар-жоғы белгісіз.
Еске сала кетейік, 22 жастағы Махса Амини есімді студент қыздың әдет-ғұрып полициясы қолынан қаза табуы жаппай наразылыққа әкелді.