Шартарап

Полиция қызметкері оққа ұшты

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Луизиана штатының астанасы Батон-Руж қаласында атыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Салдарынан екі тәртіп сақшысы жарақат алып ауруханаға түсті. Оның біреуі ауруханада қаза тапты. Жараланған екінші полиция қызметкері ауыр халде жатыр.

 

Оқиға күндіз түскі уақытта орын алған. Белгілі болғандай, офицерлер көмек шақырған телефон қоңырауы бойынша атыс болған мекенжайға барған.

 

Оқиғаның егжей-тегжейін анықтау үшін тергеу ісі әлі жалғасуда.

 

Ал, тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған 36 жастағы күдікті қолға түсті.


Мерфи Пол, полиция қызметкері:


- Біздің офицерлеріміз қылмыскерді іздеп, қоңырау шалынған жерге жетті. Күдікті әріптестеріме атыс ашқан. Ауыр жарақат алған олар дереу ауруханаға жеткізілді. Алайда, бір офицер көз жұмды. Ол полиция департаментінде 21 жыл еңбек еткен ардагеріміз еді. Екінші қызметкердің еңбек өтілімі 7 жыл. Өте өкінішті жағдай.

 

24.kz




Көрілген: 457    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.04.2020, 11:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30