Шартарап

Полиция Нотр-Дамдағы жойқын өрттің себебін атады

  • © AFP 2019 / GEOFFROY VAN DER HASSELT

    © AFP 2019 / GEOFFROY VAN DER HASSELT

Париждегі Құдай ана ғибадатханасындағы жойқын өрттің себебі қысқаша тұйықталу болуы мүмкін, деп хабарлады Bloomberg басылымы француз сот полициясына сілтеме жасап.


Жойқын өрттің жаңа себебі


Басылым жазғандай, тергеушілер шіркеуді тексеруді бастап, бірақ қауіпсіздік ережесіне байланысты әлі толыққанды зерттеуге кіріспеген. Олардың айтуынша, өрт кездейсоқ шыққан болса керек, яғни электр желісіндегі қысқаша тұйықталу себеп болуы мүмкін. Дегенмен полиция собор қызметкерлері мен ғибадатхананы жөндеп жатқан мамандардан жауап алып жатыр.


Сот полициясы өкілінің сөзіне сүйенсек, қабырғаның осал бөліктері қирап қалмауы үшін, ғимарат ағаш тақтайлармен бекітіліпті.


Нотр-Дамдағы өрт туралы бұрынғы болжамдар


Бұдан бұрын хабарланғандай, бірнеше ай бұрын басталған қайта жөндеу жұмыстары жойқын өртке түрткі болуы мүмкін. Тарихи ғимараттың айналасына биіктігі 100 метр құрылыс ағаштары орнатылған. Париж прокуроры Реми Эйтцтің айтуынша, Нотр-Дам де Париге әдейі өрт қойылды деген пайымдауға еш негіз жоқ.


Нотр-Дамдағы жойқын өрттің мән-жайы


Собор 15 сәуір күні кешкісін жана басталды. Тілсіз жау шатырдың басым бөлігі мен сүмбіні жойып жіберген. Өрт келесі күні таңертең сөндірілді: өрт сөндірушілер түні бойы жалынмен күрескен. Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті. Франция президенті Эммануэль Макрон мәлімдегендей, соборды қалпына келтіруге бес жыл уақыт кетеді.


Sputnik


 




Көрілген: 563    Пікірлер: 0

жұма, 19.04.2019, 10:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 12:15
    Үйдің құны - 428 теңге

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31