Полиция Ресей елшілігінде ұсталған Маминді босатты

28 ақпан 2022, 19:41

Бүгін астанада шынымен де Ресей елшілігінің жанында транспорант ұстап шыққан Мамин деген азамат  ұсталған деп хабарлады turkystan.kz.

 

Алайда, бұл ақпараттың бұрынғы Премьер-министр Асқар Маминге ешқандай қатысы жоқ. Ұсталған жігіттің аты – Ярослав Мамин, студент екен. Жаңа белгілі болғандай, ол Ішкі істер басқармасынан босатылды.

 

Студент жігіт енді Ресей елшілігіне транспорант апармаймын, кешке дейін хат тапсырамын деп отыр.