Шартарап

Помпео Лукашенкомен сөйлесіп, Беларусьте ұсталған АҚШ азаматының тағдырын талқылады

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Беларусьте қарсылық акциясына шыққандарға қысым көрсету ушығып, "ұлттық ультиматум" жарияланған тұста елдің де-факто басшысы Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті.

 

24 қазан күні АҚШ мемлекеттік департаментінің Азаттық радиосына хабарлауынша, Помпео Лукашенкодан ұсталуы АҚШ тарабынан "әділетсіз" деп бағаланған саяси технологты босатуды талап еткен.

 

"Мемлекеттік хатшы заңсыз ұсталған АҚШ азаматы Виталий Шкляровты толық босатуға және оның Беларусьтен кетуіне жол беруге шақырып, АҚШ-тың Беларусь халқына демократияға ұмтылысын қолдайтынын мәлімдеді" деді мемлекеттік департамент өкілі.

 

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама мен сенатор Берни Сандерстің сайлау науқандарына жұмыс істеуімен танылған Шкляров шілде айында Беларусьтегі отбасына қыдырып барғанда ұсталған. Беларусь билігі оны жақында босатқан, бірақ сот болмайынша сапарлауына тыйым салған. Оған тағылған айыптарды саяси астары бар дейтін пікір басым.

 

24 қазан күні БЕЛТА мемлекеттік ақпарат агенттігі мен Беларусьтің ресми телеарнасы ОНТ Лукашенко мен Помпео арасындағы сөйлесудің балама нұсқасын ұсынды. Оған сәйкес, Лукашенко елдегі ұлттық диалог туралы, Ресейдің Беларусьтің бас одақтасы екенін айтқан, ал Помпео АҚШ-тың Беларусь тәуелсіздігін қолдайтынын айтқан. Телеарна жүргізушісінің хабарлауынша, Лукашенко Беларусьтің "барлық шиеленісті бейбіт шешілуін" қолдайтынын айтқан.

 

"Әңгіме барысында сондай-ақ Беларусьтегі АҚШ азаматының тағдыры да талқыланды" дейді ОНТ телеарнасы Виталий Шкляровтың атын атамай.

 

Беларусьте 9 тамыздағы президент сайлауынан бері тоқтаусыз қарсылық акциялары өтіп келеді. Экзитпол нәтижесі Лукашенко айқын басымдықпен жеңіс жетті деп хабарлаған, сайлау нәтижесі бұрмаланған деген халық көшеге шықты. Алғашқы күндері полиция бейбіт шерушілерді ұрып-соғып, жаппай ұстап әкетті. Полиция қатыгездігі қарсылықты өршітіп, наразылық толқынына жүздеген мың адам қосылды, акциялар жүйелі түрде өте бастады.

 

Тоқтаусыз ірі қарсылық акцияларына қарамастан билікті ұстап отырған Лукашенко ұлттық ереуілге бетпе-бет келуі мүмкін. Осының алдында оппозиция лидерлері оған ультиматум қойып, келісімге келмесе ереуіл болатынын мәлімдеген. Ереуіл дүйсенбі күні басталуы мүмкін.

 

Лукашенко ультиматумға құлақ асатындай ешқандай белгі бермеді.

 

azattyq.org




Көрілген: 310    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.10.2020, 23:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30