Шартарап

Президент 83 әйелге кешірім жасады

  • Президент 83 әйелге кешірім жасады

    Президент 83 әйелге кешірім жасады

 Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Халықаралық әйелдер күніне орай бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдердің бір тобын кешіру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Президенттің бастамасымен мемлекет басшысы жанындағы Кешіру мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері мен басқа да жауапты ведомстволардың арасынан жұмыс топтары құрылып, олар сотталғандардың жеке ісін қарап, сол жерде жеке-жеке сұхбат жүргізді.

«Кешірім жасаушылардың 12-сі жазасын толық көлемде өтеуден босатылды, 29-ы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, 17 әйелге тағайындалған жаза жеңілірек жазамен ауыстырылды. Осылайша, 58 әйел түзеу мекемелерінен босатылуда. Сонымен қатар, 25 сотталғанға қатысты жаза мерзімі қысқартылған»,- деп хабарлайды телеарна.

Жауапты министрліктер мен ведомстволарға кешірілген адамдарға отбасыларына және жақын адамдарына оралуға, олардың әлеуметтік бейімделуіне, пайдалы жұмыспен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға және қоғамда лайықты орын алуға көмектесу тапсырылды.

КТК телеарнасы.




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.03.2020, 18:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30