Шартарап

Президент сайлауы пошта арқылы өтетін болды

  • Президент сайлауы пошта арқылы өтетін болды

    Президент сайлауы пошта арқылы өтетін болды

 Польшадағы 10 мамыр күні өтетін кезекті президент сайлауы пошта қызметі арқылы жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі mir24.tv сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін коронавирус індетіне байланысты елдегі оппозиция өкілдері сайлауды кейінге шегеруді талап еткен болатын. Алайда билік сайлау уақыты өзгермейтінін мәлімдеді.

«Президенттік сайлауды қашықтан өткізуді Польша сеймі (парламент) сәуір айында мақұлдаған болатын. Алдағы уақытта бұл бастама сенаттан қолдау тапса, 10 мамырдағы сайлау пошта арқылы жүзеге асады», - делінген телеарна таратқан хабарламада.

Сайлауға 10 үміткер қатысады, оның ішінде Польшаның қазіргі президенті Анджей Дуда да бар. Сарапашылардың айтуынша, оны дауыс берушілердің басым көпшілігі қолдауға дайын. Ал елде жүргізілген әлеуметтік сауланамаға сәйкес Польша азаматтарының 30%-ы ғана 10 мамыр күні болатын сайлауға қатысатынын жеткізген.

Соңғы дерек бойынша Польшада 15 мыңға жуық адам COVID-19 вирусын жұқтырған, шамамен 700 адам көз жұмды.

Almaty.tv




Көрілген: 553    Пікірлер: 0

жұма, 08.05.2020, 15:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30