Шартарап

Президентті ұрған адам жазаланды

  • Президентті ұрған адам жазаланды

    Президентті ұрған адам жазаланды

Франция президенті Эммануэль Макронды ұрған Дэмьен Тарель есімді тұрғын төрт айға түрмеге қамалды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Валанса қаласы сотының шешімі бойынша ер адам дереу жазасын өтеуге аттануы керек. Сонымен қатар, екі жыл ішінде ол жұмыс істеуге немесе оқуға, сондай-ақ психологиялық көмек алуға және жаңа заңбұзушылық жасамауға міндетті.

Сот, сонымен қатар, Тарельге бес жыл ішінде қару ұстауға, сол мерзімде мемлекеттік қызметте болуға тыйым салды. Одан бөлек, Франция президентіне шабуыл жасаған адам үш жылға азаматтық құқығынан айырылды.

Прокуратура 18 айға қамауға алу жазасын талап етті. Тарельдің қорғаушылары мен прокуратураның үкімге қарсы шығып, оны қайта қаратуға 10 күн уақыты бар.

Сот барысында Тарель республика президентін ұрғанын мойындады. Бірақ бұл әрекетіне өкінетінін айтпады.


Сейсенбі, 8 маусымда Эммануэль Макрон Францияның оңтүстік-шығысындағы Дром департаментіне сапары кезде жиналған тұрғындарға қарай барған. Сол сәтте жиналғандардың біреуі Франция президентін шапалақпен ұрған еді. 

Салдарынан екі адам қамауға алынған. Екінші адам оқиғаны видеоға түсіріп тұрған. Ол қамаудан босатылған. Ер адам тінту кезінде табылған қаруға қатысты деректер бойынша 2022 жылы сотқа шақырылады.

Президентті ұрған ер адамды Франциядағы саясаткерлер, оның ішінде оппозициялық партиялардың жетекшілері айыптады. Макронның өзі бұл оқиғаны асыра сілтеп айта бермеуге шақырып, француздармен кездесуін жалғастыратынын атап өтті.

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 581    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 10:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30