Шартарап

Президенттің коронавирус жұқтырғаны рас па? - көмекшісі жауап берді

  • https://sn.kz/

    https://sn.kz/

Рамзан Қадыровтың көмекшісі, "Грозный" телеарнасының директоры Ахмед Дудаев бейсенбі күні Шешенстан басшысы коронавирусқа қарсы жедел штабтың іс-қимылын өзі қадағалап отырғанын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

 

Бұған дейін Қадыров коронавирус жұқтырған болуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

 

РИА Новости дереккөзінің мәліметі бойынша, Шешенстан басшысы Мәскеудегі ауруханада жатыр. Бірақ жай-күйіне қатысты өзге ақпарат жоқ.

 

"Мен Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыров коронавирусқа қарсы жедел штабтың жұмысын жеке өзі қадағалайды деп айта аламын", – деді Дудаев.

 

Сондай-ақ, Ахмед Дудаев телеграм желісінде Шешенстанның денсаулық сақтау министрі Элхан Сүлейманов туралы да жазды. Оның айтуынша, министр туралы қауесет ол күнделікті шығатын эфирден көрінбей кеткеннен кейін тарай бастаған.

 

"Денсаулық сақтау министрінің жұмысы көп болғандықтан, соңғы екі күнде біз эфирге оның орынбасарларын шақырғанбыз. Бұл жағдай қоғам арасында көптеген қауесет мен пікір тудырды. Сондықтан бүгін министрдің өзі күнделікті статистиканы жариялайды", – деді Дудаев.

 

sn.kz




Көрілген: 798    Пікірлер: 0

жұма, 22.05.2020, 12:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30