Президенттің кітабын өзімен бірге алып жүрмеген студент оқудан қуылуы мүмкін

22 қазан 2021, 09:32

Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедовтің кітабын студенттер жанынан тастамай алып жүруі керек. Алдағы уақытта сөмкесінен әлгі кітап табылмай қалса, студент оқудан шығарылуы мүмкін.

«Деканаттар студенттердің барлығына президенттің бір кітабын алып жүруді міндеттеп қойды. Бізге тексеру жүретінін ескертті, егер президенттің кітабын алып жүрмесең, оқудан қуыласың», – депті тілшіге түсініктеме берген студент.

Айта кетейік, Түркіменстан президенті Қ.Бердімұхамедов билікке келген 2007 жылдан бері бері 60-тан астам кітап жазған.

azattyq-ruhy.kz