Шартарап

Президенттің құдасы полицейді соққыға жықты

  • Президенттің құдасы полицейді соққыға жықты

    Президенттің құдасы полицейді соққыға жықты

Тәжікстанның Куляб қаласында ел Президенті Эмомали Рахмонның құдасы Бег Сабур жергілікті ішкі істер басқармасы қылмысты іздестіру бөлімінің қызметкерін соққыға жықты. 


Оқиға Президенттің Куляб қаласына сапары қарсаңында болған. Президент жүріп өтетін тұстарды тексеріп жүрген милиция қызметкері қалалық саябақ жанында Бег Сабур салдырып жатқан нысанға кіріп, тексермек болған. 


Кейбіреулердің айтуына қарағанда, милииция қызметкеріне мұның Президенттің құдасының нысаны екенін ескерткен, бірақ ол маған кімдікі болса да бәрібір деп, намысқа тиетін сөздер айтып та жіберген көрінеді. Президент құдасы осыны естіп қойып, оған тұра ұмтылыпты. 


Айқай-шуды естіп, оқиға орнына оның жиендері де жетіп келіп, барлығы жабылып, милиция қызметкерін тепкілеп тастаған. Сосын таяқ жеген қызметкерді ішкі істер бөлімінде істейтін әріптестеріне беріп жіберген. 


Бұл оқиға бойынша әзірге басқадай мәлімет жоқ. Жергілікті басылымдардың бірінің хабарлауына қарағанда, оны қамап қойған сияқты. Дегенмен мұны да растап не теріске шығарып жатқандар жоқ. 


Президент Эмомали Рахмон Кулябқа енді бірер күнде барады. Сол кезде оның құдасы Бег Сабурдың басшылығымен салынған мейманхана мен бірнеше тұрғын үйлер пайдалануға беріледі деп күтілуде. 


Ал Бег Сабур Тәжікстан байланыс қызметінің бастығы болып істейді. Тәжікстанда мемлекеттік қызметшілерге бизнеспен айналысуға тыйым салынғанымен Президент құдасы құрылыс бизнесімен белсене айналысады, осы саладағы көшбасшылардың бірі саналады деседі. 


Т. ТҰРАН.


www.zamana.kz




Көрілген: 1593    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.09.2019, 12:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31