Шартарап

Президенттің таудағы құпия шипажайы табылды

  • Президенттің таудағы құпия шипажайы табылды

    Президенттің таудағы құпия шипажайы табылды

Өзбекстанның мемлекеттік компаниялары президент Шавкат Мирзияевтің таудағы құпия шипажайының құрылысын жүргізген. Азаттық радиосының Өзбек қызметі журналистік зерттеуінің авторлары осындай тұжырым жасаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Журналистер мәліметіне қарағанда, Мирзияевтің зәулім үйі және тікұшақ қонатын алаңқайы бар нысан құрылысы 2017 жылы басталып, 2018 жыл аяғына таман біткен. Кешен Угам-Чаткал биосфера қорығы аумағында бой көтерген. Бұл қорықтың бір бөлігі UNESCO ұйымының дүниежүзілік мұралары тізіміне енген.

Зерттеуде шипажай маңында жаңа су қоймасы бар екені айтылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл қойма сумен қамту жүйесіне кедергі келтірген. Сол себепті бірнеше отбасы көшуге мәжбүр болған.

Озодлик радиосының мәліметі бойынша, құрылысты "Өзбекстан темір жолдары" мемлекеттік компаниясы жүргізген. Су қоймасын былтыр жарылған Сардоба қоймасын тұрғызған компания салған. Сардобадағы апаттан алты адам қаза тауып, мыңдаған адам баспанасыз қалған еді.

Құпия шипажай Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 100 шақырым жерде орналасқан. Бұл жер Өзбекстанда ұшуға тыйым салынған алты аймақтың біріне жатады. Мирзияев әкімшілігі мен "Өзбекстан темір жолы" баспасөз қызметі журналистер сауалдарына әзірге жауап берген жоқ.




Көрілген: 948    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 09:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30