Шартарап

Президенттің туыстары Мәскеуден қымбат үйлер сатып алған

  • https://www.slrealty.ru/

    https://www.slrealty.ru/

Сирия президенті Башар Асадтың туыстары "Москва Сити" аумағындағы тұрғын үй кешенінен кем дегенде 20 апартамент сатып алған. Мұндай ақпаратты үкіметтік емес Global Witness жемқорлықпен күрес ұйымынан алынған құжатқа сілтей отырып, Financial Times газеті таратты. Сирия президенті туыстарының Мәскеудегі жылжымайтын мүлкі 40 миллион долларға бағаланады.


Құжаттарға қарағанда, Башар Асадтың жақын туыстары 2013 жылдан бастап Мәскеуден жылжымайтын мүлік сатып ала бастаған. Мәскеуде қымбат үйлері бар Асад туыстарының барлығы халықаралық санкция салынғандар тізімінде тұр.


Олар жылжымайтын мүлік сатып алу үшін, негізінен офшор компанияларды пайдаланған. Global Witness ақпаратына қарағанда, Асад туысына тиесілі Ресей компанияларының біріне Сбербанк қызмет көрсеткен. Бұл Ресей банктерінің Сириядағы Асад режимін қолдауға бағытталған ауқымды схемасының бір бөлігі. 2012 және 2013 жылдары Reuters пен Wall Street Journal Асад режимінің Ресейдің Газпромбанк пен ВТБ банкінде шоты бар екенін жазған болатын.


Global Witness өкілінің ойынша, жылжымайтын мүлік саудасы Сириядағы соғыс кезінде Мәскеуде тұрып, сән-салтанатпен өмір сүріп жатқан Сирия режимі өкілдеріне Ресейдің қалай қолдау көрсететіне сирек дәлелдердің бірі.


Батыс "адам құқығын бұзды, қантөгіс жасады" деп айыптайтын Асадты Ресей қолдайды. 2015 жылдан Ресей Сириядағы жанжал барысында Асад күштеріне қарулы қолдау көрсетіп келеді.


azattyq.org 




Көрілген: 1323    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.11.2019, 17:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31