Приднестровьеде тағы екі жарылыс болды

26 сәуір 2022, 21:31

Өзін өзі жариялаған Приднестровье Молдова республикасында тағы екі жарылыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады.

 

Ақпарға қарағанда белгісіз біреулер Маяк ауылында ресейлік радионың хабарын таратып келген екі байланыс мұнарасын жарып жіберген.

 

Оқиға кезінде ешкім жапа шекпеген.

 

Кеше осы танылмаған республиканың мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі ғимараты бірнеше рет атқыланғаны хабарланған еді.

 

Аймақта лаңкестік қауіптің қызыл деңгейі жарияланған.