Путин «Байқоңыр» ғарыш айлағына қатысты мәлімдеме жасады

25 желтоқсан 2021, 23:23

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанмен Байқоңыр ғарыш айлағындағы ынтымақтастықты жалғастыруға үміттенетінін айтты деп хабарлайды orda.kz.

 

– Біз Қазақстанмен Байқоңырда бірлесіп жұмыс істейміз және жұмыс істеуді жалғастырамыз, – деді Путин баспасөз мәслихатында.

 

Сондай-ақ, Путин Қазақстанмен арады ынтымақтастық жақсы дамып келе жатқан салалардың қатарында ғарыш айлағын атап өтті.

 

– Мен қазақстандық серіктестеріміз айтқан мәселенің тұжырымымен келісемін. Егер біз бірлесіп жұмыс істейтін болсақ, Қазақстан ғарыш аппараттарын ұшыру алаңы ғана емес, ғарыштың маңызды қызметіне де қатысуы керек. Мен мұнымен толықтай келісемін және осы жоспарларды жүзеге асыратынымызға сенімдімін, – деді Путин.