Путин Финляндияның НАТО-ға кіру туралы шешімін қалай қабылдады

16 мамыр 2022, 00:38

Финляндия президенті Саули Ниинисте CNN телеарнасына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путин Финляндияның НАТО-ға кіруі туралы шешімді қалай қабылдағанын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ниинисте Финляндия НАТО-ға қосылуға ниет білдіргені туралы әңгімеде Ресей басшысы ұстамдылықпен әрі сабырмен қабылдағанына таңғалғанын айтты.

 

"Ол мұны соншалықты сабырмен қабылдағаны тосынсый болды", - дейді Ниинисте.

 

Сондай-ақ, президент Финляндияға Ресейден тікелей қауіп төнеді дегенге сенбейтінін айтты.

 

"Менің ойымша, олар Финляндияға шабуылды сол кезде де, қазір де жоспарлаған жоқ", - деді ол америкалық телеарнаға.

 

 

Ел басшылары 14 мамырда телефон арқылы сөйлескен. Кремль таратқан ақпарат бойынша, Путин фин әріптесіне Финляндияның бейтарап мәртебеден бас тартуы және елдің НАТО-ға қосылуы қателік болады деп мәлімдеген, өйткені Финляндия қауіпсіздігіне ешқандай қауіп жоқ.

 

Путин Хельсинкидің сыртқы саяси бағытын өзгерту "көптеген жыл бойы тату көршілік пен серіктестік ынтымақтастық рухында қалыптасқан Ресей-Финляндия қатынастарына теріс әсер етуі мүмкін" деп атап өткен.

 

Ниинисте өз кезегінде Мәскеудің НАТО-ға кіруден бас тарту туралы 2021 жылдың аяғында бірқатар елге жасаған талабы, сондай-ақ 2022 жылдың ақпанында басталған Украинаға басып кіруі Финляндияның өз қауіпсіздігіне деген көзқарасын "түбегейлі" өзгерткенін мәлімдеген.

 

Еске салайық, 15 мамырда Финляндия Президенті Саули Ниинисте ел ресми түрде НАТО-ға қосылуға және мүшелікке өтініш беруге шешім қабылдағанын мәлімдеген. Премьер-министр Санна Марин бұл тарих шешім екенін айтты. Одаққа кіру туралы шешім Финляндия Парламентінде 16 мамырда талқыланады.