Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің әскери-өнеркәсіптік комиссиясында өзінің бірінші орынбасарының жаңа лауазымын енгізді. Ол орынға РФ Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев лайық деп танылған. Тиісті қаулы құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Комиссия құрамына Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Александр Куренков та қосылды.
Ел президенті бірден комиссия алқасының құрамына 10 адамды енгізіп, одан тағы 14 қатысушыны шығарды.
Айта кетейік, әскери-өнеркәсіптік комиссия 1999 жылы құрылған.