Шартарап

«Путин сарайының» қожайыны деп аталған миллиардер пікір білдірді

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

Алексей Навальный Геленджик маңындағы "Путин сарайының" ресми иесі деп ресейлік миллиардер, Шереметьево әуежайы иелерінің бірі Александр Пономаренконы атаған еді, кәсіпкердің көп уақыттан бері бұл нысанға қатысы жоқ. Бұл туралы Forbes порталына Шереметьевоның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

 

Баспасөз қызметіндегілер кәсіпкердің жобадан 2016 жылдың наурызында кеткенін және оның мәртебесі туралы деректер жоғын атап өтті.

 

Әуежай өкілдері Пономаренко үш компанияны - "Лазурная Ягода", "Идокопас" және "Южный цитадельді" сатқанын айтты. Бірақ қаншаға сатқанын айтудан бас тартты.

 

2011 жылы наурызда Пономаренко "Коммерсантқа" Геленджик маңынан "Путин сарайы" деп танылған қонақүй кешенін сатып алғанын айтқан. Кәсіпкер келісім сомасын жариялаудан бас тартқан, бірақ шамамен 350 миллион доллар туралы ақпарат "шындыққа жақын" екенін мәлімдеген болатын.

 

"Сарайға" қатысты тергеуде Навальный сатып алушы компанияның есебіне сілтеме жасай отырып, Пономаренко сарайды 350 миллионға емес, 350 мың долларға сатып алғанын айтты.

 

Саясаткердің сөзінше, бұл келісім заңсыз болғанын көрсетеді.

 

Навальныйдың айтуынша, ресми нұсқа бойынша Пономаренко "сарайдың" иесі болып қала береді. Нысан қазір ресейлік "Бином" фирмасына рәсімделген.

 

Нарықтар мен компанияларды кәсіби талдау жүйесі нысан қожайындарының есімдерін жарияламайды; тек олардың Ресей азаматтары екені көрсетілген.

 

Алексей Навальныйдың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорының "Путин сарайы" туралы тергеуі 19 қаңтарда шыққан, бір апта ішінде YouTube-те 90 миллионнан аса қаралым жинады.

 

25 қаңтарда Путин "сарайдың" өзіне немесе туыстарына тиесілі емес екенін мәлімдеген болатын.

 

26 қаңтарда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков нысан иелері "кәсіпкерлер екені анық" деген болатын, бірақ Кремль олардың есімін жария етуге құқығы жоғын мәлімдеген.

 

 

 




Көрілген: 675    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.01.2021, 09:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31