Путин соғыстан қашқандарды 10 жылға қамау туралы заңға қол қойды

24 қыркүйек 2022, 22:19

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин соғыстан қашып, тау басып, ел асқандарды он жыл түрмеге тоғыту туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап жазды.

Заңда әскери қызметтің бірқатар бағыттары бойынша түзетулер енгізілген.

 

Оның ішінде әскери борышына адалдық танытпағандарды, тұтқындарды босатқандарды 10 жыл, әскери қызметте жүріп тонаушылықпен айналысқандарды 15 жыл бас бостандығынан айыру сынды тармақтар бар.