Шартарап

Путин зәулім сарай туралы сұраққа жауап берді

  • © Sputnik / Михаил Климентьев

    © Sputnik / Михаил Климентьев

Ресей президенті Владимир Путин оппозиционер Алексей Навальный өз зерттеуінде айтқан "Геленджиктегі сарай" туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды РИА Новости.

 

Сұрақ Ресей студенттері күніне орай ұйымдастырылған университеттегі кездесу кезінде қойылды.

 

"Сіздің сұрағыңызға бірден жауап бергім келіп тұр. Ол жерде менің меншігім ретінде көрсетілгеннің ешқайсысы маған да, менің жақын туыстарыма да тиесілі емес және ешқашан тиесілі болмаған. Ешқашан", - деп жауап берді Путин. 

 

Ол сондай-ақ, бұл көптен бері көпірте айтылып келе жатқанын, "азаматтардың санасын шаю" үшін толықтырылып отырғанын мәлімдеді.

 

"Бұл ақпарат он жылдан астам уақыттан бері көпірте айтылып келе жатыр. Қалай болғанда да, қазір өте ыңғайлы уақыт, бәрін жинап, осы материалдармен біздің азаматтарымыздың санасын шайып тастауға шешім қабылдады. Оны интернетте жариялаған - онда қандай да бір фильмдер, видео бағдарламалар бар", - деді президент.

 

Сондай-ақ, Ресей басшысы фильмді құрастыру кезінде халықты адастыру мақсатында монтаж қолданылғанын мәлімдеді.

 

"Олар менің баттерфляй стилінде жүзіп жүрген суретімді жариялады. Кейде осылай жүзгенді ұнатамын. Бірақ ол бассейнде ешқашан болмағанмын. Неғылған бассейн екенін білмеймін. Бірақ осылай жүздім. Қашан және қайда? 2016 жылы Енисейде. Сондықтан бұл компиляция, монтаж", - деп түйіндеді Путин.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 772    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.01.2021, 20:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31