Рамзан Қадыровтың 19 жастағы қызы лауазымды қызметке тағайындалды

20 ақпан 2022, 13:51

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 19 жастағы қызы Хутмат Қадырова аймақ басшысы хатшылығы басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Шешенстанның Ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаев мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

 

Бұл туралы ria.ru мәлімдеді.

 

«Шын жүректен Шешенстан Республикасының Тұңғыш Президентінің немересін құттықтаймын! (Хутмат Кадырованың Шешенстан Республикасы аймақ басшысы хатшылығы басшысының орынбасары болып тағайындалуымен! Хутмат Рамзанқызы Қадыровтар отбасының атынан лайықты өкіл). Ол талай рет түрлі салада жоғары жетістіктерге қол жеткізген. Хафиз деген жоғары атақтың иесі, нағыз мұсылман және шешен халқының қызы. Хутмат Рамзанқызының сеніп тапсырылған лауазымды абыройлы атқаратынына күмәнім жоқ. Ол республика игілігі үшін де абыроймен жұмыс істейтін болады», - деп жазды Дудаев Instagram әлеуметтік желісінде.

 

Шешенстан басшысының үшінші қызы Хутмат Қадырова «Грозный дельфинарийі» сауықтыру және ойын-сауық кешенінің бас директоры қызметін атқарған. Бұған дейін оны туған күнімен құттықтаған Қадыров өзінің қасиетті Құранды жатқа білетінін және Ресейдегі ең жас шаруа екенін айтты.

 

Қадыровтың екі үлкен қызы да Шешенстанда жоғары лауазымды қызметтер атқарады: Айшат өткен жылы мәдениет министрі болып тағайындалды, ал Хадижат Грозный қаласындағы мектепке дейінгі білім беру бөлімін бір жылдан астам уақыт басқарып келеді.