Шартарап

Реактивті көлікпен рекордын орнатпақ болған тележүргізуші ажал құшты

  • CC0 / Michael Schwarzenberger

    CC0 / Michael Schwarzenberger

"Аңыздарды жойғыштар" (Разрушители легенд) бағдарламасының жүргізушісі – 36 жастағы Джесси Комбс реактивті көлікпен жылдамдық рекордын орнатпақ болып, жантүршігерлік апаттан көз жұмды.


Көлік апаты АҚШ-тың Орегон штатындағы Алворда шөлінде болған, деп хабарлайды ABC7 News.



Жергілікті полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға 27 тамызда жергілікті уақыт бойынша 16:00 кезінде болыпты


Тележүргізуші реактивті көліктің рөліне отырып, жылдамдықты сағатына 996 киломтерге жеткізбек болып, апатқа ұшырайды. Тележұлдыз оқиға орнында тіл тартпай кеткен екен.


Марқұмның отбасының Autoblog сайтында жарияланған мәлімдемесінде айтылғандай, әйел 1976 жылы каскадер қыз Китти О'Нил орнатқан құрлықтағы ең жоғары көлік жылдамдығы рекордын жаңартқысы келіпті.



Соңғы рет үш дөңгелекті реактивті көліктің жылдамдығы сағатына 843 километрге дейін жеткізілген екен.

"Аңыздарды жойғыштар" танымал шоуының өкілдері Комбстың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Sputnik





Көрілген: 913    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.08.2019, 18:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31