Шартарап

Ресей 20 жылдан соң мұсылман еліне айналады

  • Ресей 20 жылдан соң мұсылман еліне айналады

    Ресей 20 жылдан соң мұсылман еліне айналады

RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симоньян Ресейдің не себепті барлық орыстарына азаматтық беруі тиіс екенін айтты.


Оған бір себеп елде ислам дінінің етек жаюы. Өз ойын ол Telegram-да жазды.


Айтуынша, егер ешнәрсе өзгертпесе, 2040 жылы Ресей "мүлде өзге елге айналады".


"Ресейдің мұсылман елі болатынынан бастайық. Бұл медициналық факт. Бірнеше дәлелдермен нақтыланған. Әр дінге құрметім секілді, исламға қарсы ешнәрсе айта алмаймын. Бірақ елестетіп көріңіздерші балаларыңыз біздің жасымызда болғанда Хабиб Нұрмағамбетов елдің президенті болса", - деп жазды ол.


Симоньян Нұрмағамбетовке қарсы ешнәрсе айтпайтынын, алайда балаларына отанын мәдениетті, ментальді түрде сақтағысы келетінін жеткізді. "Бірнеше этнос пен конфессия бірлескен зайырлы ел ретінде" көргісі келетінін айтты. Бұлай болуы провослав орыстардың осы деңгейді сақтап қалуына байланысты екенін жазады.


Бұған дейін Мәскеу Донбасс тұрғындарына ресейлік төлқұжаттарды ресімдеуді оңайлатқан. Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенко жауап ретінде Ресейді "Донбассты аннексиялауды дайындай бастады" деп айыптады. Таңдаулы мемлекет басшысы Владимир Зеленцкийдің штабындағылар бұл шара Ресейдің "оккупацияланған мемлекет ретінде жауапкершілікті" мойнына алды деп пікір айтты.


Украина Ресейдің елдің оңтүстік-шығысындағы қарулы қақтығыстарға жауапты деп санайды. 2018 жылдың ақпанында мемлекет заң қабылдады, оған сәйкес Ресей ресми түрде агрессорлық мемлекет ретінде танылды. Мәскеу мұндай айыптауларды бірнеше рет жоққа шығарды.


stan.kz




Көрілген: 1799    Пікірлер: 0

жұма, 26.04.2019, 20:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31