Шартарап

Ресей АҚШ-тың мемлекеттік қарызына миллиард доллар салды

  • Ресей АҚШ-тың мемлекеттік қарызына миллиард доллар салды

    Ресей АҚШ-тың мемлекеттік қарызына миллиард доллар салды

Бағалы қағаздарды сату арқылы АҚШ үкіметі бюджет тапшылығын және басқа шығындарды жабады. АҚШ-тың мемлекеттік қарызы шамамен 28 триллион долларға жетті
Ресейдің Орталық банкі желтоқсанда АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларына инвестицияны бірден миллиард долларға арттырды. Алайда соңғы жылдары Мәскеу бұл бағалы қағаздардан жүйелі түрде құтылып келе жатқан болатын. Олардың резервтегі үлесі 1 проценттен сәл асады, деп жазды  РИА Новости.

АҚШ қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Ресейде 6,011 миллиард долларды құрайтын АҚШ-тың мемлекеттік облигациялары бар: оның ішінде 1,2 миллиарды ұзақ мерзімді және 4,8 миллиарды қысқа мерзімді. Желтоқсанда облигациялар қоры тағы бір миллиард долларға толықты.

Осы бағалы қағаздарды сату арқылы АҚШ үкіметі бюджет тапшылығын және басқа шығындарды жабады. АҚШ-тың мемлекеттік қарызы шамамен 28 триллион долларға жетті. 2010-2013 жылдары ресейлік салымдар 170 миллиардтан асты. Мәскеу ең ірі трежерис ұстаушылардың бірі болды. Бірақ 2014 жылдың сәуірінде Вашингтон санкциялар енгізгеннен кейін олардан құтыла бастады.

2018 жылы Орталық банк жаппай сатылым өткізіп, АҚШ қазынашылық портфелін бірден екі есеге қысқартты. Халықаралық резервтердегі америкалық бағалы қағаздардың үлесі төмендеді. Орталық банк қаражатты алтынға, сондай-ақ еуро мен юаньға бағыттады. 

Американың мемлекеттік қарызы АҚШ қаржы министрлігі шығаратын бағалы қағаздармен өлшенеді. Жеке және заңды тұлғалар, белгілі бір штаттар мен мемлекеттердің биліктері вексельдер мен мемлекеттік облигацияларды сатып ала алады. Бұл бағалы қағаздардан түсетін пайда үлкен емес. Шамамен 2,5-3 процент аралығында. Бірақ еуропалық немесе жапондық қарыз бойынша кіріс іс жүзінде нөлге тең.

Алайда АҚШ-тың мемлекеттік облигациялары әлемдегі ең сенімді және өтімді құралдардың бірі болып саналады. Оларды сатып алу және сату оңай.

"Уақытша бос қаражатты АҚШ-тың мемлекеттік қарызына салу тиімді. Мәселе миллиардтарда болғанда жылдық 2-3 процент өте көп ақша болады. Мұндай жағдайда саясат экономикалық шешімдерге әсер етпеуі керек", - деді Мемлекеттік думаның қаржы нарығы жөніндегі комитетінің мүшесі Дмитрий Скриванов РИА Новостиге берген сұқбатында.

Осылайша, трежерис көлемін ұлғайту арқылы Мәскеу өзінің нарықта бар екенін көрсетті. Бұл халықаралық резервтерді әртараптандыру үшін де қажет. Қазір Ресейде 590 миллиард доллар бар болса, оның алты миллиарды АҚШ-тың мемлекеттік қарызына салынған. Сарапшылар мұны Мәскеу әлемдік үрдісті ұстанып отыр деп түсіндіреді. Долларға деген сұраныс артып жатыр. Себебі, бұл валютаға құбылмалылық пен инфляция қатты әсер етпейді.

"Бір миллиард доллар өте қомақты сома. Оны шектеулі активтер жиынтығына салуға болады. Алтын аспандап кетті, еуро мен юаньдегі резервтердің үлесі онсыз да жоғары. Америкалық мемлекеттік қарызды сатып алу &ndash бұл әртараптандыру элементі", - дейді Ресей-Азия өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағының президенті Виталий Манкевич.

Желтоқсан айының соңындағы мәлімет бойынша АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздарының ірі қолданушысы Жапония (1,2 триллион доллар) екені белгілі болды. Бұрын бұл тізімде Қытай көш бастап тұрса, қазір Бейжіңнің үлесінде 1,06 триллион доллар бар. Сондай-ақ, Ұлыбритания 428,9 миллиард доллармен алғашқы үштікке енді.

Сауда соғысы салдарынан қытайлықтар жүйелі түрде осы құнды қағаздардан арылып, инвестициялар көлемін 200 миллиардқа қысқартты. Алайда Бейжіңнің қолында тұрған АҚШ-тың ірі мемлекеттік қарызы Вашингтонға қысым жасаудың күшті тетігі болып отыр. 

Қазір болып жатқан текетірестер қорқынышты күшейтіп отыр. Егер АҚШ экономикасының шетелдік ірі кредиторы трежеристің жаппай сатылымын ұйымдастырса не болмақ? Мұның салдары апатты сипатта болады. Бұл нарықта дүрбелең тудыратыны анық.

Бірақ бұл Қытай үшін тиімсіз. Біріншіден, қысқа мерзім ішінде 100-200 миллиард тұратын облигацияларды сату олардың бағасын төмендетіп жібереді. Салдарынан Қытайдың өзінің сыртқы активтері мен резервтерінің бағасы айтарлықтай арзандап кетуі ықтимал.

Оның үстіне доллар да құлдырайды. Ал оның арзандауы Бейжіңге қажет емес. Америка валютасының әлсіреуі Қытай экспортын қымбаттатып жібереді.

Бірнеше жылдан бері Ресейдің Орталық банкі доллардан құтылып, алтынға басымдық беріп келеді. 2020 жылы бағалы металдың резервтердегі үлесі алғаш рет Америка валютасының көлемінен асып түсті. Ал ақпан айында монетарлық алтын қорының құны 136,7 миллиард долларға жетті. Бір жыл ішінде елдің алтын қоры шамамен 28 тоннаға өсті.

Бағалы металл &ndash әмбебап ақшалай эквивалент. Ол проценттік табыс әкелетін активтерге қарағанда тартымды болып отыр. Сонымен қатар, санкциялардың кез келген тәуекелінен сақтандырады. Bloomberg агенттігі атап өткендей, Ресей ірі экономикасы және алтын валюталы қоры бар мемлекет долларлық активтерден арыла алатынын және еш қиналмайтынын бүкіл әлемге паш етті.




Көрілген: 542    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 01:53

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30