Ресей әскерилері Украинаның екі жауынгерлік көлігін жойды

21 ақпан 2022, 19:55

Ресей әскерилері мен шекарашылары Украинаның екі жауынгерлік көлігін жойып жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

 

Бұл туралы Оңтүстік әскери округінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 

"Оңтүстік әскери округінің бөлімшесі Ресей ФСБ шекара отрядымен бірлесе отырып, диверсиялық-барлау тобының Украина аумағынан Ресейдің мемлекеттік шекарасын бұзуына жол бермеді", - деп хабарлады ведомство.

 

Айқас кезінде Украина қарулы күштерінің екі жауынгерлік машинасы диверсанттарды эвакуациялау үшін Ресей аумағына енгені көрсетілген.

 

“Ресей әскерилері екі көлікке шабуылдаған. Украина қарулы күштерінің бес сарбазы қаза тапты, ресейлік әскерилер арасында зардап шеккендер жоқ”, - деп хабарлады Оңтүстік әскери округі.