Шартарап

Ресей Беларусьті айналып ұшқан рейстерді қабылдаудан бас тартты

  • https://www.vedomosti.ru/

    https://www.vedomosti.ru/

Беларусьті айналып ұшпақ болған Еуропаның әуе компанияларына тиесілі бірнеше рейс Ресейдің әуе кеңістігіне кіре алмады. Ресей тарабы себебін түсіндірмеді.

 

26 мамырда француздың Air France әуе компаниясы рейс бағытын өзгертіп ұшуға қатысты Ресей билігінен рұқсат ала алмай, Париж – Мәскеу бағыты бойынша ұшатын AF1154 рейсін 27 мамырға ауыстыруға мәжбүр болған. 27 мамырда рейс мүлде ұшпай қалды. Дегенмен қазір Air France Мәскеуге баратын рейстерін тоқтатпаған.

 

"Ертең және арғы күні Мәскеуге ұшатын рейстер бар, әзірге кесте өзгермеді" деді компания өкілі.

 

27 мамырда Венадан Мәскеуге ұшуы тиіс Austrian Airlines OS601 рейсі де ұша алмай қалды. Әуе компаниясы мұны реттеуші органның Беларусьті айналып ұшу туралы рекомендациясы мен Ресей билігінің жаңа бағытты мақұлдамауымен байланыстырды.

 

"Жаңа ұшу бағытын билік мақұлдауы тиіс. Ресей билігі бізге рұқсат берген жоқ. Нәтижесінде Austrian Airlines бүгін Венадан Мәскеуге ұшуы тиіс болған рейсті кейінге шегерді" делінген компания релизінде.

 

Reuters-тің жазуынша, Еуропаның әуе компаниялары 25 мамырдан бастап Беларусьті айналып ұшып өтетіндей лайнерлерінің бағытын өзгерте бастаған. Бұл 23 мамырда Афиныдан Вильнюске қарай ұшқан Ryanair ұшағын жолшыбай Минскіге мәжбүрлеп қондырып, ұшақтан оппозициялық журналист пен оның жүрген қызы София Сапеганың ұсталуына қатысты халықаралық қауымдастықтың реакциясы.

 

Туған елінде Протасевичке "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін" ұзақ жыл түрме жазасы берілуі мүмкін.

 

Еуропаның авиация қауіпсіздігі жөніндегі агенттігі Ryanair ұшағына қатысты оқиғадан кейін барлық халықаралық компанияларды Беларусь арқылы ұшпауға үндеді.

 

 

 

azattyq.org




Көрілген: 789    Пікірлер: 0

сенбі, 29.05.2021, 12:12

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31