Шартарап

Ресей кейінгі 2 күнде шығыс Украинада тұратын жарты миллион адамға азаматтық берді

  • https://iz.ru/

    https://iz.ru/

Кейінгі екі күнде Украинаның шығысындағы Ресей қолдауына ие жікшіл аймақта 527 мың адамға Ресей азаматтығы берілді. Бұл туралы 2 мамыр күні Ресей ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ТАСС агенттігіне мәлімдеді.

 

Мұның алдында Мәскеу осы аймақтың 650 мың адамына төлқұжат берген. Украинаның жікшіл облыстары Донецк пен Луганскіде тұратындарға Ресей азаматтығын жаппай табыстау Ресей президенті Владимир Путиннің бұйрығынан кейін күшейген. 2019 жылы ол даулы аймақ тұрғындары үшін азаматтық беруді жеңілдетуді және үдетуді бұйырған.

 

Халықаралық қауымдастық Мәскеудің бұл қадамын сынап, аймақтағы ахуалды одан әрі ушықтыру әрекеті деп бағалады. Қақтығыс басталған 2014 жылдан бері бұл аймақта 13 мыңнан астам адам қаза тапқан.

 

Киев Ресейдің украиналықтарға азаматтық беруін Украинаның емегендігіне қол сұғу деп айыптайды.

 

Украинаның жікшіл облыстарында гибридтік соғыс жүргізіп отырған Ресей аймақтағы сепаратистерге экономикалық және саяси қолдау білдіріп келеді. Мәскеу айқын дәлелдердің барына қарамастан, Украинаның ішкі ісіне араласқанын мойындамайды.

 

Жаппай төлқұжат беру Ресей мен Украина арасындағы ахуал ушыққа тұста болып отыр. Өткен апталарда Ресей Украина шекарасының түбінде және Украинаның 2014 жылы Мәскеу аннексияланған Қырым түбегінде ауқымды әскери жаттығу өткізіп, екі ел арасындағы шиеленіс күрт күшейген.

 

 

azattyq.org




Көрілген: 580    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.05.2021, 15:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30