Шартарап

«Ресей көп ұзамай бірнеше мемлекетке ыдырайды» – сарапшы

  • «Ресей көп ұзамай бірнеше мемлекетке ыдырайды» – сарапшы

    «Ресей көп ұзамай бірнеше мемлекетке ыдырайды» – сарапшы

АҚШ президенті Джо Байденнің Ресейге қатысты тым қатал саясаты Путиннің айналасындағыларды да алаңдата бастаған сияқты. Әлеуметтік желі бетінде Ресейдің болашағына қатысты пессимистік сарынға толы жорамалдар мен сарапшылардың пікірлері көбейіп кетті.

Бүгін отандық ақпарат порталдарының бірінде Герман Обухов деген ресейлік сарапшының пікірі жарияланды. Онда ол Ресейдің көп ұзамай бірнеше мемлекетке ыдырауы мүмкін екенін айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ресейге арналған Stop inform terror of Russia» қорының жетекшісі Герман Обуховтың айтуынша, Ресей мен Батыс арасындағы салқындықтың арты жақсылыққа апармайды. Осының салдарынан Ресей Федерациясы жуық арада алты тіптен сегіз мемлекетке бөлініп кетеді.  

Аталмыш дерек көзінің жазуынша, саясаткер сонымен қатар, Еуро Одақ мен Мәскеу арасындағы күрделі қатынастарға түсініктеме бере отырып, Ресейге  қарсы «санкциялар мен экономикалық қысымның» күшеюін жақтай сөйлеген.

Ол Ангела Меркельден кейін Германия канцлері қызметіне Ресей мен оның жетекшісіне төзімсіз адам ие болады деп ұсынды. Осыған байланысты Германия саясатында өзгерістер болады. Германияны бұған Ұлыбританияның бұрыннан келе жатқан сақтығы және басқа мемлекеттердің Кремльге деген көзқарасын өзгертуге дайындығы түрткі болуы мүмкін.

Сонымен бірге, Франция президенті Эммануэль Макрон жалпы тенденцияға бейімделе бастайды деген болжам бар. «Ресей үкіметі ең жақсы қорғаныс құқық бұзушылық деген қағида бойынша әрекет етуге дағдыланған. Егер Батыс бұған бірігіп соққы берсе, онда Мәскеуден бір ғана есік қалады. Қытай бақылаушы позицияны ұстанып, есеп айырысуға бармайды», &ndash деп атап өткен Обухов.




Көрілген: 4182    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.02.2021, 15:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30