Ресей Мариуполь мен Волновахадан бейбіт тұрғындардың шығуына мүмкіндік берді: Ол қалай жүзеге асады

05 наурыз 2022, 15:37

Ресей Мариуполь мен Волновахадан бейбіт тұрғындардың шығуына мүмкіндік беріп, 5 наурыз күні тыныштық режимін жариялады. "Гуманитарлық дәліздің" қалай жұмыс істейтіні жайлы Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк айтып берді. 
Подоляктің сөзінше, қазіргі уақытта Мариуполь үшін "жасыл дәліздің" ашылу уақыты анықталуда. 

"Бұл қиын жағдайда тұрған қала инфрақұрылымын, оның ішінде, жарық, су мен мобильді байланысты қалыпқа келтіру жұмыстарын бастауға көмектеседі. Сондай-ақ, Мариупольді азық-түлікпен және бірінші қажеттіліктермен қамтамасыз етуге мүмкіндік болады", - деді Подоляк. 

Мариуполь билігінің хабарлауынша, тұрғындарды эвакуациялау сағат 11.00-де (Мәскеу уақытымен 12.00) басталған. Жергілікті халық Запорожье "Мариуполь—Никольское—Розовка—Пологи—Орехов—Запорожье", — бағыты бойынша шығады. 

Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі 5 наурыз күні таңертеңгі сағат 10.00-ден бастап таныштық режимін жариялады. Мәскеудегілердің айтуынша, тұрғындардың шығу уақыты украиналық тараппен келісілген.