Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ресей өз Ұлттық қорын юаньға көшірді

29 желтоқсан 2022, 17:06

Ресейдің суверенді қоры - Ұлттық әл-ауқат қоры деп аталады. Онда қазір 188 миллиард доллардың активтері бар, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аbai.kz-ке сілтеме жасап.

Ресей бүгіннен бастап барлық доллар/еуролық валюта номиналдарын юаньға ауыстыратын болды. Ереже бойынша, 2023 жылы (4-5 күннен кейін) - ұлттық қор түгел юаньда болуы тиіс.

 

Ресей осы арқылы қолда бар активтерін сақтап қалғысы келеді.

 

Бірақ АҚШ пен Еуропаның диктатынан қашқысы келген олар басыбайлы Қытайға кіріптар болатыны анық.

 

Енді Қытай Ресейдің бар-жиған тергенін блоктап қоюға іс жүзінде мүмкіндік алды. Және бұл ресми Бейжіңнің Мәскеумен кез-келген келіссөзінде ықпал ету құралына айналып шыға келмек.

 

Ұлттық қор Қазақстанда да бар. Ол толық доллармен номинацияланған. Оның активтерінің қазіргі көлемі 53 миллиард доллар шамасында.