Ішінара жұмылдыру жарияланғалы бері Ресейден 261 мыңнан астам ер адам қашып кеткен. Осыған байланысты Ресей президенті Владимир Путин жақында шекараны жауып тастауы мүмкін, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы «Новая газета. Европа» басылымы жазды.
Ресей ФСБ шекара қызметінің мәліметіне сүйенсек, 21 қыркүйек пен 25 қыркүйек аралығында 261 мыңнан астам ер адам Ресей территориясынан шығып кетен.
Бірнеше күн бойы Кремльде әскер жасындағы ер-азаматтардың елден шығуына тыйым салу туралы мәселе қызу талқыланып жатыр.
Президент әкімшілігінде қауіпсіздік күштері мен Қорғаныс министрлігі «шекараны жабу керек» деген үндеу тастаған.