Шартарап

Ресей ұлттық қорынан долларды шығарып тастайтынын хабарлады

  • http://visrf.ru/

    http://visrf.ru/

Вашингтон Мәскеуге санкциялар салуды жалғастырып жатқан кезде Ресей ұлттық қорынан АҚШ долларын қысқартатынын хабарлады деп жазады qamshy.kz тілшісі.

 

Бұл қадам туралы Санкт-Петербургтегі Халықаралық экономикалық форумда Ресей Қаржы министрі Антон Силуанов мәлімдеді. "Орталық банк сияқты біз де ұлттық қордан доллар активтерімен инвестицияларды қысқартуға шешім қабылдадық" деді ол.

 

Оның орнына еуро, қытай юані және алтын активтерімен инвестиция салынады.

 

Өзгерістер келесі айдың ішінде болады деп хабарланды.

 

Қордағы еуро активтерінің үлесі 40%, юань 30% және алтын 20% құрайды деп күтілуде. Сонымен қатар, жапон иенасы мен британиялық фунт  5% құрауы мүмкін.

 

2020 жылғы АҚШ президенттік сайлауына араласу, АҚШ үкіметі мен корпоративті желілеріне жасалған үлкен кибершабуыл, Қырымды заңсыз аннексиялау және басып алу және адам құқығын бұзу фактілері бойынша Байден әкімшілігі Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар енгізді. Дегенмен, Ресей үкіметі барлық айыптауларды жоққа шығарады.

 

 

 

 




Көрілген: 724    Пікірлер: 0

жұма, 04.06.2021, 18:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31