Шартарап

Ресейді интернеттен кім ажыратпақшы және Қазақстанды не күтіп тұр? — Сабиров

  • © internet-dom.net

    © internet-dom.net

Ресей билігі керек бола қалған жағдайға «Егемен Рунет» құрып жатыр, ал қоғам дүрлігуде.


Ресейліктер билік интернеттен ажыратады деп қорқып отыр, ал орнына жергілікті балама ұсынбақшы. Жақында «Рунетті оқшаулауға қарсы» митингтер өтті. Бұған егемен Рунет жайлы Думаның бірінші оқылымында қабылдаған заңы себеп болды — қоғамның бір бөлігі мұны Желіге кіруге шектеу деп түсінді.


Шын мәнінде Ресейдің не ойлағаны бар және ең бастысы бұл бізге қалай әсер етеді — Қазақстанның Интернет Қауымдастығының президенті Шавкат Сабиров жауап берді.


Ресейліктер біз он жылдан бері енгізгізіп келе жатқанды жасамақшы

— Шавкат Умарович, неге көршілер «ішкі желі» әзірлеуге көшті?


— Бүгінде әр елде


ақпараттық кеңістік қауіпсіздігі, әсіресе киберкеңістік қауіпсіздігіне байланыстының бәрі нөмірі 1-ші мәселе болып отыр


Мысалы, 2017 жылы Еуропалық Одақ «бір сағат ережесін» енгізді. Егер кенеттен қандай да бір ресурста заңға қарсы дүние пайда болса, 60 минут ішінде шаралар қабылдануы тиіс.


Яғни, бүкіл әлем интернетті республикалық деңгейде қатаң реттеуді жолға қойып жатыр.


— Бақылау мен қадағалау – бұл бір, ал халықаралық желіден толық бас тарту — мүлдем басқа. Наразылықтар осыған байланысты.


— Ешқандай ерікті оқшаулау болмайды, адамдарда түсініксіз дүниеге дүрбелең туатыны анық. Есіңізде болса, 2008 жылы барлық интернет-ресурстар БАҚ-қа теңестіріледі деген алғашқы түзетулер қалай қабылданып еді? Дәл сол кезде қазіргі Ресейдегідей реакция орын алған болатын. Бәрі бітті, бәрі жабылады деп айқайлады.


2-3 ай өткеннен кейін осы норманың артықшылықтарын түсіне бастады


Қандай да бір сайтты жабу үшін заңды күшіне енген сот шешімі қажет бола бастады.


Іс жүзінде бұл мемлекеттің Қазнетті реттеуге алғашқы талпынысы болған еді. Бірақ бұл ретте, жасырын болған, ойламаған проблемалар пайда болды.


Және ресейлік заң жобасымен де қазір сондай жағдай, бәрі жай ғана қорқады. Ресей билігі аумақ интернеттен сырттан ажыратылған жағдайда өз бетінше жұмыс істеуге дайын инфрақұрылымды құруды көздейді.


Заң жобасы бұл ережелермен шектелмейді. Шын мәнінде


ресейліктердің қазір жасап жатқанын біз он жыл бойы ендіріп келеміз


Тек біртіндеп қана. Біз «желілік басылым» ұғымын ендірдік, авторлық құқық дегенді білдік, аноним пікір білдіру және т.б. алып тастадық. 2017 жылдың соңында «Киберщит» бағдарламасы бойынша киберқауіпсіздік бөлігінде үлкен түзетулер пакеті қабылданды (140-тан астам).


Мысалы, Қытай ЕАЭО, ШЫҰ және БРИКС елдері үшін түбірлік серверлердің өзіндік ішкі жүйесін құруды ұсынды. Егер кенеттен қандай да бір себеппен іркіліс болса немесе біреулерде қолжетімділікті шектеу ниеті болса, жүйе осы елдер ішінде үздіксіз және жеткілікті тұрақты жұмыс істейді. Ресейліктердің де мақсаты осы.


Қазақстанға назар аудармауына болады

— Яғни, сіз қандай да бір «ерікті оқшаулау» мүмкін емес деп ойлайсыз ба?


— Бұл өз-өзіңнің аяғыңа атумен пара-пар. Әсіресе, оларға қойылған санкцияларды ескерсек. Сондықтан саналы билік мұндайға жол бермейді деп үміттенемін. Бұл сырттан ажырату қаупі ғана емес. Алайда, интернеттің 13 түбірлік серверінің басым бөлігі АҚШ-та екенін ұмытпаңыз. Және ресейліктер қазір кез келген жағдайдың алдын алу шараларын қабылдауға тырысып жатыр. Айтпақшы,


Қытай мұны Желі пайда болғаннан бастап жасай бастады, қазір оларда бұл «Ұлы Файервол» деп аталады


Бұл тек бағдарламалар емес, «темір».


— Бірақ бұл үрей қайдан пайда болды? Митингілерді ұйымдастырушылардың мәлімдемесінде қандай да бір «сыртқы күш» туралы айтылмаған, бірақ оқшаулау мен бұғаттауға назар аударылады.


— Өйткені олар құрған инфрақұрылым қосарлы мақсаттағы жабдықтарды еске түсіреді. Яғни теориялық тұрғыда халықаралық желіден ажырата алуы мүмкін және ерікті түрде. Сондықтан мұның өз логикасы бар.


Мен басқа мысал келтіргім келіп отыр. Біз желіде балалар порнографиясымен күресеміз. «Егер осындай материалдарды желіден алып тастай алсаңыз, онда кез келген басқа да материалдарды алып тастай аласыз ғой?» — деп сұрайды кейбірі. Жорамалды тұрғыда — иә. Бірақ тек гипотезалық тұрғыда, фантастика сериясынан десе де болады. Ресейлік заң да осы сияқты.


Ресейліктер ыңғайсыз және ақталмаған қадамдар жасайды. Бірақ бұл біз уайымдап, зардап шегуіміз керек дегенді білдірмейді.


Бұл жағдайда Қазақстанға мүлдем алаңдамауға болады


біз мұны сезінбейміз.


— Ал бізге осыған ұқсас дүние қажет пе?


— Біздің өз ерекшелігіміз бар: «Қазақтелеком» ұлттық операторы хостинг нарығының, арналар мен деректерді беру магистральдарының 80%-дан астамын бақылайды. Сондықтан бұдан артық ештеңе қажет емес — мемлекет айтса, оператор орындайды. Бұл былтыр да сезілді және әлі күнге дейін сезініп келеміз. Ресейде соншалықты көлемді монополия жоқ, сондықтан осындай заңдар қабылданып жатыр. Ал бізде ол да, барлық қажетті инфрақұрылым да бар. 


kaz.365info.kz




Көрілген: 539    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.03.2019, 17:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 12:15
    Үйдің құны - 428 теңге

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31